Accessibility links

Ресей әскері Сирияның Африн аймағынан шығарылды


Сирия күрдтерінің шеруі.
Сирия күрдтерінің шеруі.

Ресейлік жедел әскери тобы Сирияның солтүстік-батысындағы Африн аумағынан шығарылды. Бұл туралы 20 қаңтарда Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ал Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығымен ел әскері осы аймақта сириялық күрдтерге қарсы жерүсті операциясын бастады. Осы операцияға байланысты Ресей өз әскерін алып кету туралы шешім қабылдаған.

Түркия әскери күштерінің бас штабы бұл операция "Күрдістан жұмысшы партиясын", "Демократиялық одақ" және "Халықтың өз-өзін қорғау күші" ұйымдарын құрту операциясы деп атады. Күрдтердің бұл ұйымдары Түркияда террорлық топ деп танылған.

Анкара Африн аймағында операция басталғаны туралы АҚШ, Ресей, Сирия үкіметіне ескерткен. АҚШ Ердоған үкіметін күрдтермен емес ДАИШ экстремистік тобымен күресуге шақырды.

XS
SM
MD
LG