Accessibility links

Кабулда қонақ үйге шабуылдан бір қазақстандық мерт болған


Кабулда қонақ үйге шабуылдан ондаған адам мерт болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

Кабулда қонақ үйге шабуылдан ондаған адам мерт болды

Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіне жасалған шабуылдан 1978 жылы туған Қазақстан азаматы мерт болған. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов Facebook парақшасында хабарлады.

"Ауғанстаннан суыт хабар жетті. Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіне жасалған шабуылдан 1978 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапты. Жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстан сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін елге әкелу жағын ұйымдастырады" деп жазылған хабарламада.

Кабул полицииясының хабарлауынша, шабуылдан кем дегенде 18 адам мерт болған. Олардың арасында тоғыз Украина азаматы, бір Германия, бір Грекия азаматы да бар. Мерт болғандардың саны артуы мүмкін.

Ауғанстан ішкі істер министрлігі 21 қаңтарда Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіндегі әскери операция аяқталып, үш содырдың көзі жойылғанын хабарлаған. 12 сағаттық операция кезінде қонақ үйден 150 астам адам құтқарылған. Олардың қырыққа жуығы - шетелдіктер.

20 қаңтарда Кабулдағы ең ірі қонақ үйді бірнеше қарулы адам басып алғаны хабарланған. Ал "Талибан" ұйымы шабуылды бес адам ұйымдастырғанын айтты. ​

Шетелдегі терактілерде зардап шеккен қазақстандықтар.
Шетелдегі терактілерде зардап шеккен қазақстандықтар.

XS
SM
MD
LG