22 қаңтарда Қазақстанның солтүстік облыстарында қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды. Астанада дүйсенбі күні ауа-райына байланысты 1-11 сынып оқушыларына және колледждің бірінші ауысымда оқитын 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.
"Қазгидромет" мекемесінің хабарлауынша, Астанада бүгін таңертең ауа температурасы -34 градусқа дейін төмендеген. Желдің жылдамдығы секундына 4 метрге дейін жетеді.
Сонымен қатар Павлодар облысы мен Семейде 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында 1-11 сынып оқушыларына, Қостанай және Өскемен қалаларында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.
"Қазгидромет" 22-26 қаңтар арасында Қазақстанның бірнеше облысында күндіз -30-35, түнде -40-45 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.