Accessibility links

Тәжікстанда ТИҚП-ті "жастарды Сирияға жөнелтті" деп айыптады


Сирияның Ракка қаласында соғыстан қираған ғимаратта ілініп тұрған ИМ туы (Көрнекі сурет).
Сирияның Ракка қаласында соғыстан қираған ғимаратта ілініп тұрған ИМ туы (Көрнекі сурет).

Тәжікстан үкіметінің «Ховар» агенттігі елде тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясы (ТИҚП) «жастарды Сирияға соғысқа жіберді» делінетін материал жариялады.

21 қаңтарда жарияланған мақалада «ТИҚП басшылары Сирияға жіберген тәжіктердің дені соғыста қаза болғаны» айтылып, "олардың қаны партия басшыларының мойнында" делінген. Мақала авторлары партия тарихына қысқаша тоқталып, одан соң Таяу Шығысқа осы партияны қолдау үшін аттанған тәжік азаматтарының тізімін келтірген.

Онда Соғды облысы Спитамен ауданының 35 жастағы тұрғыны Сайфиддин Тәжібаевтың есімі аталған. Ол партияның аудандық бөлімін басқарған, қазір Сириядағы «Жабхат ан-Нусра» террорлық ұйымын басқарушылардың бірі делінген.

Мақалада Тәжібаевтың террорлық ұйымның өзбек қауымын басқаратыны айтылған. Сирияда оның бауыры Иброхим Ином соғысып жүр делінген материалда.

Партияның шетелдегі басшылығы экстремистік немесе террорлық топтарға қатысы бар деген айыптарды жоққа шығарып отыр.

2015 жылы күзде Тәжікстан қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың бүлік жасауға талпынысынан соң, ресми Душанбе ТИҚП-ты "төңкерісті ұйымдастырды" деп айыптаған. Тәжікстанның Жоғарғы соты партияны террорлық ұйым деп танып, ел аумағындағы қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG