Германияда социал-демократтар канцлер, Христиан-демократиялық одағын басқаратын Ангела Меркельмен коалициялық келіссөз жүргізуді қолдап дауыс берді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім бірнеше ай саяси тұрақсыздықтан кейінгі орнықты үкімет құруға жасалған алғашқы қадам болғалы тұр.
Социал-демократиялық партия делегаттарының 362-сі Меркельмен келіссөз жүргізуді қолдап, 279-ы қарсы дауыс берді. Бір делегат қалыс қалды. Социал-демократтар жетекшісі Мартин Шульц христиан-демократтармен одақтасу әсіре оңшыл күштерге қарсы тұруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Қаңтарда бұдан бұрын Меркель мен Шульц болашақ коалицияның алдын ала бірлескен жобасын қабылдаған.
Келіссөз таяу күндері басталады деп жоспарланып отыр. Бұл Германияның ЕО елдері арасындағы алаңдаушылықты сейілтпек. Германия ЕО-ның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде ұзақ уақыт жетекші рөл атқарып келеді.