Accessibility links

Бірнеше облыста қатты аяздан жолдар жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

«Қазавтожол» республикалық мекемесі Қазақстанның алты облысы мен Астана қаласында қатты аязға байланысты 21 қаңтар күнгі сағат 21:00-ден бастап жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Астана қаласы мен Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдарда дизельмен жүретін барлық көлік пен қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды. Астанада аталған көліктердің барлық бағыт бойынша жолға шығуына шектеу қойылды.

Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық бағыт бойынша жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында «Омбы - Майқапшағай» жолының 587-733 километрі аралығында, Қарағанды облысында «Екатеринбург - Алматы» жолының 1353-1424 километрі аралығында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу енгізілді. Қостанай облысында «Қостанай – Әулиекөл – Сурган» жолының 3-232 километрі, «Екатеринбург – Алматы» жолының 555-729 километрі, «Мамлютка – Қостанай» жолының 180 – 404 километрі аралығында жол жабылды.

XS
SM
MD
LG