Accessibility links

Астана Кабулдағы қонақүйге шабуылды айыптады


Кабулдағы шабуыл жасалған қонақүй мен оған жақын маңда тұрған ауған қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. 21 қаңтар 2018 жыл.
Кабулдағы шабуыл жасалған қонақүй мен оған жақын маңда тұрған ауған қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. 21 қаңтар 2018 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 22 қаңтар күні Астананың Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне жасалған шабуылды қатаң айыптайтынын мәлімдеді. «Қазақстан Ауғанстанда терроризммен күрес проблемасын түбегейлі шешу үшін жедел, кейінге қалдыруға болмайтын шаралар қабылдау керегін мәлімдейді» делінген министрлік мәлімдемеінде.

Министрлік хабарламасында бұл террорлық шабуылдың ондаған бейбіт тұрғындардың, оның ішінде шетелдіктердің қазасына себепкер болғаны айтылады.

Қонақүйге шабуылдан соңғы мәлімет бойынша кем дегенде 30 адам, оның ішінде 14 шетелдік қаза тапты. Шабуылды «Талибан» ұйымы мойнына алды.

СІМ 21 қаңтар күні түнде шабуыл құрбандары арасында Қазақстанның 1978 жылы туған азаматы барын хабарлаған.

Шетелдегі терактілерде зардап шеккен қазақстандықтар.
Шетелдегі терактілерде зардап шеккен қазақстандықтар.

СІМ мәлімдемесінде Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төраға және жеке мемлекет ретінде «Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіріп, терроризмді құртуға жан-жақты көмек көрсете беретінін» айтады.

Қазақстан осы айдың соңына дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ротация негізінде төраға болады.

XS
SM
MD
LG