Accessibility links

"Бишімбаев ісіндегі" кейбір сотталушылар келісім жасасуды сұрады


Қуандық Бишімбаев сот залына келе жатыр. Астана, 8 қаңтар 2017 жыл.
Қуандық Бишімбаев сот залына келе жатыр. Астана, 8 қаңтар 2017 жыл.

Астанада бұрынғы ұлттық экономика минстрі, жемқорлық айыбы тағылған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта кейбір сотталушылар прокурормен процессууалдық келісім жасасу туралы талап-арыз білдірді деп хабарлады кейбір жергілікті агенттіктер. Жеті сотталушы кінәсін мойындайтыны туралы талап-арыз түсірген соң судья кеңесу бөлмесіне шығып кетті.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында өткен жылы қарашада басталған. Онымен бірге айып тағылған 22 адамның арасында "Бәйтерек Development" компаниясы басшысы Бақыт Жақсыбаев, басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов және басқалар бар.

Процессуалдық келісім жасасуға өтініш берген сотталушылар арасында «Байтерек DEVELOPMENT» компаниясының бұрынғы екі директоры да бар.

Бүгін бұған дейін прокурорлар Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4 –бөлімінің 2-тармағы («Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру») бойынша жаңа айып тағылғанын мәлімдеген.

Жергіліктің агенттіктердің хабарлауынша, Бишімбаевтың адвокаттары экс-министрге бұған дейін тағылған айыппен қайта айыпталғанын, бірақ «қылмысты жасаушылар құрамы аздап өзгергенін» айтқан.

Қаңтардың 8-і сот процесінде сөз алған бұрынғы ұлттық экономика министрі, 37 жастағы Қуандық Бишімбаев "ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен барша қазақстандықтардың сенімін ақтай алмағаны" үшін өзін кінәлі сезінетіні туралы мәлімдеген.

Қуандық Бишімбаев 2016 жылы ұлттық экономика министрі қызметін сегіз ай атқарған. Ол 2017 жылдың 10 қаңтарында "топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған" деген күдікпен ұсталған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы экс-министр Қуандық Бишімбаевқа жалпы сомасы 346 миллион теңге пара алған және 1,2 миллиард теңге көлемінде қаржы жымқырған деген айыптар тағылғаны туралы хабарлаған. Тергеу барысында Бишімбаевтің қамау мерізімі бірнеше рет ұзартылған.

XS
SM
MD
LG