Accessibility links

Сот министрліктің адвокатқа қарсы арызын қанағаттандырмады


Ақтөбе облыстық сотындағы Раиса Якубенкоға қатысты отырыс. Жаңагүл Жүрсіннің фотосы. 19 қаңтар, 2018 жыл.

Ақтөбе соты облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Раиса Якубенконы лицензиясынан айыру туралы Қазақстан Әділет министрлігінің арызын қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Әлия Тасыбаеваның сотта келтірген дерегінше, департамент адвокатураның жұмысын тексеріп, 430 заң бұзу фактісін тапқан. Тексеруден кейін сот шешімімен Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының үш адвокаты Ғалымжан Акбаров, Айсәуле Альбакасова мен Шалқарбек Ілиясов лицензияларынан айырылды.

Әлия Тасыбаева адвокаттардың «мемлекеттің кепілді құқықтық көмек беру туралы заңды бұзғанын» айтады.

«Экс-адвокаттар құқықтық көмек көрсеткені туралы жалған құжат тапсырып, бюджеттен ақы алған. Нәтижесінде ондаған күдіктіге мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек көрсетілмеген. Ал мұндайға жол бермеуі тиіс адвокатура төрайымы адвокаттардың есебін қабылдап алып, реестрге енгізген және адвокаттардың еңбекақысын төлеу туралы сұранысты әділет департаментіне жолдап отырған», дейді ол.

Әділет министрлігі мен Ақтөбедегі департамент адвокатураны 36 жылдан бері басқарып келе жатқан Раиса Якубенконы «әріптестестерінің қызметін жеткілікті деңгейде бақыламады» деп айыптаған еді. Бірақ сот министрліктің талап-арызын қанағаттандырмай тастады. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Сот Раиса Якубенкоға қарсы министрліктің шағымын 19 қаңтарда қарай бастаған.

AzattyqTV

Саргсян кетіп, Пашинян босаған күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00
XS
SM
MD
LG