Accessibility links

Ақтөбеде жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері Ырғыз ауданында жолда бұзылып қалған автобус жолаушыларын құтқарды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

21 қаңтарда кешкі сағат 22.00 шамасында Ақтөбе облыстық жол-патрульдік полициясына "Шымкент - Самара" тасжолының 1052 километрінде "МАН" маркалы жолаушылар толы автобустың тежегіші қатып, тоқтап қалғаны туралы хабар түскен. Автобус Шымкенттен шығып Ресейдің Уфа қаласына бағыт алған екен.

Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары және жергілікті полиция қызметкерлері жолда қалған автобустан 56 адамды құтқарыпты. Олардың алтауы Қазақстан азаматы, екеуі Ресей азаматы, ал 48-і Өзбекстан азаматы болған. Жолаушылар арасында әйелдер мен балалар да болған.

Құтқарылғандар жылыну орталығына жеткізілген.

Бұған дейін, қаңтардың 18-і күні таңертең Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент - Самара тасжолында жолаушылар автобусы өртенген еді. Билік орындарының мәліметінше, Шымкенттен шығып Ресейдің Қазан қаласына бара жатқан автобуса болған 57 адамның 52-і қазаға ұшыраған. Құрбан болғандардың барлығы - Өзбекстан азаматтары. Тірі қалған бес адам - үш қазақстандық және екі Өзбекстан азаматы. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ деп айтқан.

Ал «Қазавтожол» республикалық мекемесі Қазақстанның алты облысы мен Астана қаласында қатты аязға байланысты 21 қаңтар күнгі сағат 21: 00-ден бастап жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG