Accessibility links

Премьер-министр аяздан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды


Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі.
Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев кейбір өңірлерде аяз күшеюіне байланысты облыс әкімдері мен ведомство басшыларына сақтық шараларын жасауды тапсырды.

Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында кешеден бері аяз күшейіп, ауа температурасы -30 градусқа төмендеп, кей жерлерде -40 градусқа дейін жете бастаған. "Қазгидромет" 22-26 қаңтар арасында Қазақстанның бірнеше облысында күндіз -30-35, түнде -40-45 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.

«Кешелі бері бірнеше аймақ қатты суыта бастады. Қазір алты өңірде ауа температурасы -30-40 градусқа дейін төмендеген. Сондықтан облыс әкімдеріне әсіресе шағын қалалардағы қазандықтарда жылу жүйелерінің қалыпты температурасын сақтаудың қосымша шараларын жасауды тапсырамын. Әлеуметтік нысандар – аурухана, мектеп және балабақшалар ерекше назарда болсын. Тұрғындар оқу орындарында сабақ болмайтыны туралы дер кезінде ескертіліп отырсын» деді Сағынтаев Астанада үкімет отырысында.

Премьер-министр сонымен қатар ішкі істер министрлігіне жолдарда кезекшілік пен бақылауды күшейтуді, қажет болса жолда көлік қозғалысын шектеу шараларын жасауды тапсырды.

XS
SM
MD
LG