Accessibility links

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жер сілкінді


Қазақстанның Өзбекстанмен шектесетін Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Қазақстанның Өзбекстанмен шектесетін Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

23 қаңтарда Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 676 шақырым қашық аймақта жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жр сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 7:26-да болған. Қуаты 4,8 магнитудаға жеткен зілзала ошағы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында, жердің 5 километр тереңдігінде болған.

Зілзала дүмпуі Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 2-3 балл шамасында сезілген.

Зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG