Accessibility links

Шымкентте жолаушылар автобусы өртенді


Шымкентте өртенген автобус. 23 қаңтар 2018 жыл.
Шымкентте өртенген автобус. 23 қаңтар 2018 жыл.

Шымкентте сейсенбіде күндіз жолаушылар автобусы өртенді. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің хабарлауынша, автобус Жібек Жолы көшесінде сағат 11 шамасында өртенген.

Полиция автобустың өртеніп жатқанын бақылау камерасынан байқаған. Оқиға орнына барған соң өрт сөндірушілер өртті дереу сөндірген.

ІІД ақпаратына қарағанда, «Шаулинь» маркалы шағын автобус 22-маршрут бойынша жолаушы тасымалдап жүрген. Автобуста өрт шыққанда жүргізуші мен екі жолаушы болған. Өрттен ешкім зардап шекпеген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, өрт автобустағы электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шыққан.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG