Accessibility links

Комитет: Қазақстан Пхенчхандағы олимпиадаға 49 жолдама алды


Сеул әуежайында тұрған Пхенчханда өтетін Қысқы олимпиада ойындарының бойтұмары. Оңтүстік Корея, 18 қаңтар 2018 жыл.
Сеул әуежайында тұрған Пхенчханда өтетін Қысқы олимпиада ойындарының бойтұмары. Оңтүстік Корея, 18 қаңтар 2018 жыл.

Қазақстан Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін Қысқы олимпиадаға бүгінге дейін 49 лицензия ұтып алды деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы ол сейсенбіде Талғарда өткен жиында айтты. Оның айтуынша, Қазақстан құрамасына алдағы үш күнде тағы да лицензия қосылуы мүмкін.

Пхенчхан қаласында Қысқы олимпиада 9-25 ақпанда өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.

XS
SM
MD
LG