Accessibility links

Олимпиада жеңімпаздарына қанша сыйақы берілетіні айтылды


Қазақстандық Денис Кузин Саппородағы Азия ойындарында. 21 ақпан 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Қазақстандық Денис Кузин Саппородағы Азия ойындарында. 21 ақпан 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстан Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) Қысқы олимпиада ойындарында алтын алған спортшыға және оның бапкеріне 250 мың доллардан береді деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

Оның айтуынша, күміс алған спортшыға 150 мың доллар, ал қола алған спортшыға 75 мың доллар беріледі. Қазақстанның Пхенчхандағы ойындардағы мақсаты "Сочи олимпиадасында көрсеткен нәтижені қайталап, қолдан келсе одан асып түсу".

Қазақстан құрамасы бұл олимпиаға әзірге 49 лицензия ұтып алған. Қазақстан спортшылары олимпиадаға фристайл, шаңғымен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, коньки, трамплиннен секіру және шана спортынан қатысады.

Пхенчхан қаласындағы Қысқы олимпиада 9-25 ақпанда өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.

XS
SM
MD
LG