Accessibility links

Facebook "саяси насихат" парақтарын анықтамақ


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Facebook әлеуметтік желісінде саяси жарнама жариялайтын саяси компаниялар анықталып отырмақ. Сонымен бірге желі сайлауалды жарнамасының іздеуге болатын мұрағатын ашады. Бұл жайында Facebook өкіліне сілтеме жасап Times газеті хабарлайды.

Басылымға сұхбат берген өкіл 2016 жылы АҚШ-тағы сайлау кезінде ресейлік пайдаланушылар екі жылда 126 миллион адамды қамтыған 80 мың жазба қалдырғанын еске салды. Facebook осылайша сайлауға араласуды қауіптің жаңа түрі ретінде мойындайды.

Былтыр қыркүйектің ортасында Facebook АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллерге Ресей сұратқан жарнама саудасы жайлы деректерді жолдаған.

Сол кезде "интернет тролльдер" (Ресейдің интернет зерттеу агенттігі) мен Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласуының өзара байланысы жайлы белгілі болған.

Facebook саяси жарнама таратқан 500 жалған аккаунт пен парақшаны анықтаған. Бұл парақшалар Ресейден басқарылған.

АҚШ-та Ресейдің елдегі президенттік сайлауға араласу ықтималдығы тергеліп жатыр. 2016 жылдың тамызында АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер "Ресей ізін" анықтау үшін үлкен алқабилер сотын шақырған.

Мюллер сайлау кезінде Демократиялық партия атынан кандидат боп түскен Хилори Клинтонның абыройын түсіру үшін Трамп штабы мен Кремль сөз байласқан-байласпағанын анықтап жатыр.

Ресей АҚШ-тағы сайлауға араласпағанын мәлімдеп келеді.

XS
SM
MD
LG