Accessibility links

Өртенген автобуста қаза болғандар жерленді

Наманган облысындағы ауыл тұрғындары туыстарын жерлеуге дайындалып жатыр.Өзбекстан, 22 қаңтар 2018 жыл.
Наманган облысындағы ауыл тұрғындары туыстарын жерлеуге дайындалып жатыр.Өзбекстан, 22 қаңтар 2018 жыл.

Қазақстанның Ақтөбе облысында автобусқа қатысты төтенше жағдайда қаза болғандар жерленді. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик) хабарлайды. Бұдан бұрын Өзбекстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлік өкілі қаза болғандардың аты-жөндері толық анықталғанын айтқан. Министрлік сайтында марқұмдардың тізімі жарияланған.

Қаңтардың 18-і Қазақстан арқылы Ресейге Өзбекстаннан еңбек мигранттарын апара жатқан автобус өртеніп кетіп, 52 жолаушы қаза болған. Шымкент-Самара трассасында Ақтөбе қаласынан 320 шақырым жерде болған оқиғадан бес адам: үшеуі қазақстандық, екеуі өзбекстандық аман қалған. Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдай "отқа салғырт қараудан" деген болжам айтқан.

Наманган жұрты автобустағы өрт құрбандарын аза тұтып жатыр

Наманган жұрты автобустағы өрт құрбандарын аза тұтып жатыр

Қаза тапқандардың үйлеріне көңіл айтып келіп жатқан жұрт көп. 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында өртенген жолаушылар автобусында 52 өзбек азаматы қаза тапқан. Өрттен бес адам – Өзбекстанның екі азаматы мен Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны аман қалған.
1/10 Қаза тапқандардың үйлеріне көңіл айтып келіп жатқан жұрт көп. 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында өртенген жолаушылар автобусында 52 өзбек азаматы қаза тапқан. Өрттен бес адам – Өзбекстанның екі азаматы мен Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны аман қалған.
Автобустағы өрттен қаза тапқандардың отбасылары жерлеуге дайындалып жатыр. Құрбан болғандардың жас шамасы 19-41 жас аралығында, барлығы ер азаматтар.
2/10 Автобустағы өрттен қаза тапқандардың отбасылары жерлеуге дайындалып жатыр. Құрбан болғандардың жас шамасы 19-41 жас аралығында, барлығы ер азаматтар.
Намангандықтар автобустағы өртте мерт болғандардың рухына бағыштап құран оқып жатыр. Қазақстанның Ақтөбе облысы аумағында қазаға ұшырағандардың көпшілігі жұмыс істеу үшін Ресейге кетіп бара жатқан.
3/10 Намангандықтар автобустағы өртте мерт болғандардың рухына бағыштап құран оқып жатыр. Қазақстанның Ақтөбе облысы аумағында қазаға ұшырағандардың көпшілігі жұмыс істеу үшін Ресейге кетіп бара жатқан.
Қаралы үйге келе жатқан имамдар мен шенеуніктер. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев осы апаттан кейін "билік халыққа жұмыс орнын ашпаған соң олар басқа елге кетуге мәжбүр. Біз халықтың алдында қарыздармыз" деді. Ол үкіметке жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды. 
4/10 Қаралы үйге келе жатқан имамдар мен шенеуніктер. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев осы апаттан кейін "билік халыққа жұмыс орнын ашпаған соң олар басқа елге кетуге мәжбүр. Біз халықтың алдында қарыздармыз" деді. Ол үкіметке жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды. 
Марқұмдардың отбасына көңіл айтып келіп жатқандар арасында молдалар, шенеуніктер де бар. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, мүрделер қатты күйіп кеткендіктен, сырттай қарап олардың кім екенін ажырату мүмкін болмаған. 
5/10 Марқұмдардың отбасына көңіл айтып келіп жатқандар арасында молдалар, шенеуніктер де бар. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, мүрделер қатты күйіп кеткендіктен, сырттай қарап олардың кім екенін ажырату мүмкін болмаған. 
Марқұмдардың бірінің үйінің ауласында отырған Өзбекстан діни басқармасының өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері.
6/10 Марқұмдардың бірінің үйінің ауласында отырған Өзбекстан діни басқармасының өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері.
Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, автобус апатында көз жұмғандардың мәйіттері туысқандарына 22-23 қаңтар күндері беріле бастайды.
7/10 Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, автобус апатында көз жұмғандардың мәйіттері туысқандарына 22-23 қаңтар күндері беріле бастайды.
Қаралы үйдің алдында отырған ауыл ақсақалдары. Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, олар отбасына көбірек ақша тастап, қаржы үнемдеу үшін Ресейге ұшақпен емес, автобуспен баруды жөн көрген.
8/10 Қаралы үйдің алдында отырған ауыл ақсақалдары. Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, олар отбасына көбірек ақша тастап, қаржы үнемдеу үшін Ресейге ұшақпен емес, автобуспен баруды жөн көрген.
Марқұмдардың бірі тұрған үй.
9/10 Марқұмдардың бірі тұрған үй.
Мәйіттерді әуежайдан күтіп алған сәт. 
10/10 Мәйіттерді әуежайдан күтіп алған сәт. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG