Accessibility links

Бірнеше облыста аяздан мектептерде сабақ тоқтады


Астанада қар күреп жүрген коммуналдық мекеме қызметкерлері (Көрнекі урет).

Қазақстанның бірнеше облысында, оның ішінде Ақмола облысы мен Астанада сәрсенбіде аяздың күшеюіне байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Астана әкімдігінің 23 қаңтар күні кешке хабарлауынша, 24 қаңтарда ауа-райының қатты суытуына байланысты мектептерде 1-11 сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, қатты аяздан Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында да оқушыларға және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды. Қарағанды облысында 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Ал Қостанай облысында 1-9 сынып оқушыларына, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындарға СМС хабарлама жолдап, 24 қаңтар күні облыста желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жететінін, сақтық шараларын күшейту керектігін ескертіп жатыр. Болжам бойынша, мұндай жел Мұғалжар ауданының территориясында соғады. Ал облыстың өзге аудандарында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Алматы облыстық әкімдігінің хабарлауынша, ауа температурасының -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты облыс мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған.

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG