Accessibility links

Апелляция: "Алаш жолын" жою туралы сот шешімі заңды


Астана қалалық соты (Көрнекі сурет).
Астана қалалық соты (Көрнекі сурет).

Астананың апелляциялық соты алғашқы сот инстанциясының «Алаш жолы» қоғамдық бірлестігін жою туралы шешімін заңды деп тапты. Сәрсенбіде өткен апелляциялық сот процесінде судья прокурор мен шағымданушының талабы бойынша сурет пен видео түсіруге тыйым салды. Апелляциялық шағымды Астана қалалық сотының судьялары Айман Майқыбаева, Мараш Манабаева және Шынар Ерғалиева қарады.

2016 жылы бастамашыл топ «биліктің шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін беру жоспарына қарсы» құрған қозғалыс өкілдері сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеп, оны «мемлекеттік тапсырыс» деп атады. «Алаш жолы» бірлестігі әділет министрлігінде тіркелу процесін былтыр шілдеде бітірген.

Былтыр қарашада Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бірлестікті мемлекеттік тіркеуден өткізуді заңсыз деп танып, ұйымды жою туралы қаулы шығарған. Тіркеуді жою туралы шешім Астана қалалық мемлекеттік кіріс департаменті Есіл аудандық басқармасының арызы бойынша шыққан.

XS
SM
MD
LG