Accessibility links

Сот мұғалімге қарсы шағымды үшінші рет қанағаттандырмады


Гүлжан Сәлімбаева, Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп мұғалімі. Шымкент, 5 маусым 2017 жыл.

Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты №38 мектептің мұғалімі, "міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көргенін" айтқан Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен мектеп директоры Айман Жүсіпова мен оның орынбасарлары Дана Асылбекова және Айжамал Қозыбекова түсірген шағымды қанағаттандырмады. Бұл шағымды бұған дейін Еңбекші аудандық соты мен Абай аудандық соты қарамай кері қайтарған болатын.

“Бүгін әл-Фараби аудандық соты №38 мектеп директоры Айман Жүсіпова мен оның орынбасарлары Дана Асылбекова және Айжамал Қозыбекованың осы мектептің мұғалімі Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен түсірген шағымын қанағаттандырмады» дейді аудандық соттың судъясы Сәбит Төреханов.

Жәбірленушілер соттан Гүлжан Сәлімбаевадан «ар-намыстарына тигені үшін моральдық шығын өндіруді» сұраған.

Гүлжан Сәлімбаеваның сенімді өкілі Жанарбек Әбішев «Соттың жәбірленушілердің талабын орындамағаны біз үшін жеңіс» деді.

Оқи отырыңыз: Мұғалім мен директор дауы

Қазір Еңбекші аудандық соты Гүлжан Сәлімбаеваның №38мектеп директоры мен олардың орынбасарларының, облыс және қала әкімдігінің, облыстық және қалалық білім бөлімі мен білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мен облыстық департаментінің үстінен шағымын қарап жатыр. Жәбірленуші деп танылған Сәлімбаева соттан педагогикалық әдеп бұзылған, өзін міндетінен тыс, заңсыз жұмысқа тартылған деп тану және моральдық шығын өндіру мен басқа да заң бұзушылықты анықтауды сұраған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG