Accessibility links

Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды


Қазақстан Жоғарғы соты, Астана.
Қазақстан Жоғарғы соты, Астана.

Парламент сенаты Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босатуды мақұлдады. Азаттық тілшісінің сенаттан хабарлауынша, жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин 25 қаңтарда сенаттың пленарлық отырысында сенаторлар қарауына президенттің Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босату туралы ұсынысын жолдады.

Оның айтуынша, үш судья – Өмірсерік Қожабаев, Рақымбек Мамырбаев пен Дүйсен Тұмабеков зейнетке шыққандықтан отставкаға кетуге өтініш білдірген. Тағы бір судья Қалидула Шаухаровты 13 желтоқсанда өмірден өткен.

Сенат депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Қазақстанда Жоғарғы сот төрағасы мен судьяларын президенттің ұсынысымен сенат бекітеді.

XS
SM
MD
LG