Accessibility links

Алматыда аяздан мектепте сабақ тоқтатылмақ


Алматыда көлігін қардан тазалап жатқан тұрғын (Көрнекі сурет).
Алматыда көлігін қардан тазалап жатқан тұрғын (Көрнекі сурет).

Алматыда 26 қаңтар күні қатты аязға байланысты мектепке дейінгі дайындық сыныптарына баратын балалар мен 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды деп хабарлады қалалық білім басқармасы. Сабақ ауа температурасының -25 градустан төмендеп кетуіне байланысты тоқтатылмақ.

Бүгін қаланың бірнеше ауданындағы кейбір мектептерде қатты аяз кесірінен бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмаған.

«Қазгидромет» орталығының мәліметінше, бірнеше күннен бері республиканың көпшілік облысында күшейген аяздың беті 27 қаңтардан кейін ғана қайта бастайды

XS
SM
MD
LG