Accessibility links

БАҚ: Актер Ерлан Біләл сотта "кінәсін мойындады"


Ерлан Біләл, актер.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлдің үстінен жемқорлыққа қатысты іс бойынша сот басталды. Сот Алматының Алмалы аудандық сотында өтіп жатыр. Сотқа Алмалы аудандық сотының судьясы Қуаныш Әріпов төрағалық жасап отыр.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ерлан Біләл сотта кінәсін «толық мойындайтынын және ісіне өкінетінін» айтқан.

Ерлан Біләл қаңтардың басында 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "кінәсін толық мойындағанына байланысты театр директоры тұтқындалған жоқ. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр" деп хабарлаған.

Тергеу дерегінше, Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісінен жаңа жылдық театр қойылымдарын бірге өткізу туралы келісімге қол қою үшін пара алды деген күдікке ілінген.

Істің мән-жайы анықталғанға дейін Ерлан Біләл театр директоры қызметінен шеттетілген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG