Accessibility links

Беларусьте "арамтамақ салығы" жойылды


Александр Лукашенко, Беларусь президенті.
Александр Лукашенко, Беларусь президенті.

Беларусь президенті Александр Лукашенко елде "арамтамақ салығын" жоятын декрет шығарды. Лукашенконың ресми сайтында жарияланған құжат жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматты мемлекет қазынасына ақша төлеу міндетінен босатады.

Беларусьте енді жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтар мемлекет ұсынған қызметтің толық құнын төлейтін болды. Мұндай қызметтер тізімі әзірге анықталған жоқ. Сонымен қатар елдің барлық аймағында тұрғындарға жұмыс тауып, орналасуға көмектесетін арнайы комиссиялар құрылмақ.

Беларусь президенті Александр Лукашенко 2015 жылы "Әлеуметтік масылдықтың алдын алу туралы" жарлық шығарғаннан кейін елде "арамтамақ салығы" енгізілген болатын. Заңға сәйкес, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азамат 170 еуроға жуық ақша төлеуі тиіс еді. Былтыр ақпан мен наурыз айларында Беларусь тұрғындары "арамтамақ салығына" қарсы жаппай акциялар өткізген. Минскіде ақпандағы қарсылық шеруіне үш мыңға жуық адам шыққан. Ел астанасы мен өзге де аймақтарда наразылық акциялары өткеннен кейін президент Лукашенко салық төлеу мерзімін биылға қалдырған. Наразылар даулы салықты біржола жоюды мақсат еткен болатын.

XS
SM
MD
LG