Accessibility links

Асанов: Тергеуде қылмысқа қатысы бар мүлік қана арестке алынсын


Жақып Асанов, Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы. Астана, 26 қаңтар 2018 жыл.
Жақып Асанов, Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы. Астана, 26 қаңтар 2018 жыл.

Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов тергеуге қатысатын судьяларға тергеуге алынған азаматтардың қылмысқа қатысы бар делінген мүлкіне ғана арест қоюды ескертті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жақып Асанов бұл жайында Астанада сот төрелігін жүзеге асырудың 2017-жылға қортындысына арналған жиында айтты.

«Мүлікке арест қоюды айтар болсақ, қазір күдіктінің ғана емес, оның туыстарының, серіктері мен балаларының мүлкіне де арест қоятын болған. Бірер күн бұрын ғана нормативтік қаулы қабылданды. Енді тек қылмыстық жолмен алынған деген мәлімет шыққан мүлік қана арестке алынады. Егер ондай мәлімет жоқ болса, арестке алмау керек, олай істеуге хақымыз жоқ» деді Асанов. Ол енді бұл тәртіпті сақтамаған судьялар жауапқа тартылатынын ескертті.

Асановтың сөзінше, тергеу судьялары сотқа дейінгі амалдардың заңдылығын қадағалауы тиіс.

"Айыптаушылар мен қорғаушылар сот процесінде ғана емес, сотқа дейінгі тергеуде де тең құқықты, бәсекелес болуы тиіс. Тергеуші судьялардан тергеушілердің нотариусы болмауды, санкция бере бермеуді сұраймын» деді Жоғарғы сот төрағасы.

Жақып Асанов Қазақстанда сот жүйесінде ешқандай реформа жасалмайтынын, өзгерістер Қазақстан президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асатынын айтты.

XS
SM
MD
LG