Accessibility links

Мәскеу кинотеатры "Сталиннің өлімі" фильмін көрсетуді тоқтатты


Мәскеудегі "Пионер" кинотеатрында фильмге билет алып тұрған адам. Ресей, 25 қаңтар 2018 жыл.
Мәскеудегі "Пионер" кинотеатрында фильмге билет алып тұрған адам. Ресей, 25 қаңтар 2018 жыл.

Мәскеудегі "Пионер" кинотеатры Ресей Мәдениет министрлігі прокат куәлігін тартып алған "Сталиннің өлімі" фильмін көрсетуді доғаратыны туралы жариялады. Кинотеатр аталған картинаға билет сатып алған көрерменнің ақшасын қайтаруға уәде етті.

Британ режиссері Армандо Ианнуччидің "Сталиннің өлімі" сатиралық комедиясында 1953 жылы совет диктаторы Иосиф Сталин қайтыс болғаннан кейінгі билік үшін күрес суреттеледі. Ресейде фильм премьерасына екі күн қалғанда Мәдениет министрлігі фильмге бұған дейін берілген прокат куәлігін қайтарып алған. Билік мұндай шешімге фильмнен «экстремизм белгілерін» байқаған «заңгерлер тобының» өтініші негіз болды деп түсіндірген.

Мәскеудегі "Пионер" кинотеатры қаңтардың 26-сы күні "Сталиннің өлімі" фильмін екі рет көрсеткен. Бұдан соң Мәдениет министрлігі прокат куәлігі жоқ фильмнің көрсетілгені туралы хабарларды тексеруге уәде еткен. Қаңтардың 27-і күні "Пионер" кинотеатрына полиция мен жай киімдегі бір топ адам барған.

Оқыңыз: Ресей мен Қазақстанда билікке жақпаған фильмдер

Ресейде прокат куәлігін бермей қойған соң бұл фильмді Қазақстанда да кинотеатрлардың көпшілігі көрсетпейтін болды. Қазақстан билігі фильмге ресми тыйым салмаса да оның прокатынан елдегі кинозалдардың өздері бас тартқан. Тек бір кинотеатр ғана аталған фильмді көрсететінін хабарлаған.​

XS
SM
MD
LG