Accessibility links

Амстердам орталығында бір адам оққа ұшқан


Нидерланд полициясы. (Көрнекі сурет.)
Нидерланд полициясы. (Көрнекі сурет.)

Нидерланд астанасы Амстердам қаласының орталығындағы Гроте Виттенбургер ауданында жұма күні кешке болған атыс салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, екі адам жараланған. Оқиға орнынан із жасырған күдіктіні полицияның іздестіріп жатқаны хабарланды.

Төтенше оқиға болған жердегі бірнеше кварталды полиция қоршауға алған, атыс болған ауданда жол қозғалысы шектелген деп хабарлады Нидерланд полициясы Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында.

Оқиға куәгерлері шабуыл жасаған адамның бет-жүзін жасырып алғанын айтқан. Полиция бұл ақпаратқа қатысты ешқандай комментарий берген жоқ. Сонымен бірге бұл шабуыл терактіге жата ма деген сауалға да әзірше жауап жоқ.

XS
SM
MD
LG