Сауд Арабиясында ең бай адамдардың бірі, Forbes мәліметі бойынша, әлемдегі ең дәулетті жүз адамның қатарына енетін ханзада Әл-Уәлид бин Талалдың қымбат қонақ үйдегі қамаудан босап шыққаны туралы хабарланды.
Өткен жылы Сауд Арабиясында тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман әл Сауд "коррупцияға қарсы күрес" науқанын жариялаған соң монарх әулетінің кейбір мүшелері, ірі шененуніктер мен кәсіпкерлермен қоса Әл-Уәлид де ұсталған. Оны былтырғы қараша айынан бері Эр-Риядтағы Ritz-Carlton қонақүйінің сән-сәлтанатты бөлмесінен шығармай ұстады. Ұсталғандардың көпшілігі кейін ауқымды ақша немесе активтерін қазынаға беруге келіскеннен кейін оларды босатқан.
Оқи отырыңыз: Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің күресі мен арманы
Ханзада Әл-Уәлидті қандай шартпен босатқаны әзірше белгісіз. Ол туралы ешқандай ресми ақпарат жоқ.
Босатылардан бірнеше сағат бұрын миллиардер ұсталған кезден бері алғаш рет Reuters агенттігіне берген сұхбатында миллиардер қонақ үйдің люкс бөлмесінде жатқан өз жағдайын сипаттап, өз иелігіндегі дүние-мүліктен айрылып қалмайтындығына үмітті екенін жеткізген
Әл-Уәлид бин Талал – батыстағы көптеген компаниялардың иесі, ол Ресейге де қаржы салған.