Accessibility links

АҚШ Ресей мен Оңтүстік Осетияның әскери келісімін айыптады


Ресейлік әскерилер Оңтүстік Осетияның әкімшілік орталығы Цхинвали қаласында. 9 тамыз 2008 жыл.
Ресейлік әскерилер Оңтүстік Осетияның әкімшілік орталығы Цхинвали қаласында. 9 тамыз 2008 жыл.

АҚШ Ресей мен Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия арасында "оңтүстікосетиялық әскери бөлімдерінің бір бөлігі Ресей қарулы күштері құрамына өтетіні" туралы жасалған келісімді айыптады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде Ресей ратификациялаған келісімнің күші жоқ екендігі айтылған. "АҚШ Ресей федерациясының Грузиядан бөлінген Оңтүстік Осетия жетекшілерімен іс жүзінде бірлескен әскери күшке қатысты жасалған келісімді ратификациялауын айыптайды. Біз келісім деп аталып отырған, шын мәнінде халықаралық келісімге жатпайтын бұны заңды деп танымаймыз" делінген мәлімдемеде.

Ресей қолдайтын сепаратистік аймақтар – Оңтүстік Осетия мен Абхазия Грузиядан бөлініп, "тәуелсіздіктерін" жариялаған. Ресей 2008 жылы тамызда Грузиямен қысқа соғыс жүргізгеннен кейін бұл екі жікшіл аймақты "тәуелсіз мемлекет" деп таныған. Ресейден басқа ол екі территорияның "тәуелсіздігін" тек бірнеше ел ғана мойындаған.

Ресей жікшіл аймақпен жасасқан келісім "бірлескен қорғаныс кеңістігін" құруға мүмкіндік береді және "Грузияның Оңтүстік Осетияға қарсы [2008 жылғы] тамыздағы агрессиясы тәрізді әскери авантюралардың алдын алу факторы" қызметін атқарады деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG