Accessibility links

Полиция Алексей Навальныйды босатты


Мәскеудегі Алексей Навальныйдың жақтастарының қарсылық акциясы. 28 қаңтар 2018 жыл.

Ресейлік оппозиционер Алексей 28 қаңтар күні кешке Мәскеудегі «Якиманка» ішкі істер бөлімінен босатылды. Бұл туралы «Дождь» телеарнасына оның адвокаты хабарлады. Навальныйды полицияға қайта келуге міндеттеп, босатып жібергенімен, оның үстінен хаттама толтырылмаған. Сонымен қатар акция кезінде ұсталған 300-ге жуық адамның көпшілігі босатылғаны хабарланды.

Навальный 28 қаңтар күні күндіз Тверь көшесінде ұсталған еді. Ол 18 наурызда өтетін президент сайлауына бойкот жариялауды қолдап, жақтастары ұйымдастырған «сайлаушылар ереуіліне» қатыспақ болған.

«Сайлаушылар ереуілі» деп аталатын акцияға байланысты бірнеше қалада барлығы 299 адам, оның ішінде Мәскеуде 16 адам ұсталған.

Туланың орталық аудандық соты 28 қаңтар күні кешке сайлаушылар ереуілінде» ұсталған Сергей Ильинді 40 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді. Бұл туралы Ильиннің өзі ОВД-Инфо сайтына хабарлады.

Санкт-Петербургте ұсталған 19 адамның барлығы босатылды. Архангельскіде ұсталған төрт адам да босатылды. Великий Новгородта, Волгоград, Кемерово, Мурманск, Уфа және Чебоксарьде ұсталғандардың түгелге жуығы босатылды.

Ресейдің ондаған қаласында өткен «сайлаушылар ереуіліне» мыңдаған адам қатысты. Ең ірі шеру Мәскеу мен Санкт-Петербургте болды. Полиция белсенділерді тарауға шақырғанымен, шерушілерді жаппай тұтқындамады.

Навальный «сайлаушылар ереуілін» өзін биыл 18 наурызда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде тіркемей қойғанына қарсылық ретінде ұйымдастырған. Оппозиционер бұл сайлауды әділетсіз деп санап, жақтастарын дауыс бермеуге шақырып жатыр.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG