Accessibility links

Стаффан де Мистура Сочидегі Сирия ұлттық конгресіне қатыспақ


Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі.
Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі.

БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура таяу күнде Сочиде Ресейдің ұсынысымен өтетін Сирия ұлттық конгресіне қатыспақ. Сириядағы негізгі оппозициялық топтар бұл кездеуден бас тартқан.

«БҰҰ бас хатшысы Сочидегі конгресс Женевада БҰҰ бастамасымен өтіп жатқан Сирияның өз ішіндегі бейбіт келіссөзді жандандыруға маңызды үлес қосатынына сенімді» деді БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик 27 қаңтардағы мәлімдемесінде.

Батыс елдері, оның ішінде кейбір араб елдері мен Келіссөз жөніндегі Сирия комиссиясы (SNC) Сочиде 29-30 қаңтарда өтетін конференция БҰҰ бастамасына нұқсан келтіріп, Сирия президенті Башар Асад пен оның одақтастары – Ресей мен Иранға қолайлы шешім шығаратын жеке келіссөз ұйымдастыруға талпыну деп біледі.

SNC-тің ресми өкілі Яхья әл-Ариди 27 қаңтарда Сирия үкіметі мен Ресей бітім орнауына кепіл бола алмағанын айтып, Сочидегі келіссөз БҰҰ-ның Сирия бойынша бейбіт келісім жасаудағы жұмысына кедергі келтіретінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG