Accessibility links

Ердоған: Сириямен шекараны "терроршылардан" толық тазартамыз


Бурсая жотасы маңында соғысып жүрген Түркия қолдайтын Сирия еркін армиясының жасақтары. Сирия, 23 қаңтар 2018 жыл.
Бурсая жотасы маңында соғысып жүрген Түркия қолдайтын Сирия еркін армиясының жасақтары. Сирия, 23 қаңтар 2018 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара Сириямен шекарасын толықтай «терроршылардан» тазалайтынын мәлімдеді.

28 қаңтар күні іс басындағы өзінің «Әділет және даму» партиясының (AKP) конгресінде сөйлеген Ердоған Түркия «шекарада содырлардың көзі толық жойылған соң Түркияны паналап отырған сириялық босқындардың еліне қайтып оралатындай қимыл жасайтынын» мәлімдеді.

Анкара 20 қаңтарда Сирияның солтүстігінде күрдтер тұратын Африн аймағында "Зәйтүн бұтағы" операциясын бастаған. Түрік билігі күрдтердің өзін өзі қорғау топтарын "терроршыларды қолдайды" деп біледі және оларды тықсырғысы келеді. Күрдтер жасағы АҚШ бастаған коалиция құрамында Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы содырларына қарсы соғысқа қатысып жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркия әскері мен оны қолдайтын Сирияның негізгі қарулы оппозициясы стратегиялық маңызы бар Бурсая жотасын алған.

Күрдтердің өзін-өзі қорғау отрядтары мен Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) тобының хабарлауынша, күрдтер бақылауындағы Африн анклавын Түркия бақылайтын Азаз қаласынан бөліп тұрған Бурсая жотасы үшін кескілескен шайқас болды.

Түркия армиясы 28 қаңтарда таратқан мәлімдемесінде түрік әскері мен Сирияның оппозициялық жасақтары Бурсая жотасын әуеден тікұшақтар мен әскери дрондарды және артиллерияны пайдаланып басып алғанын айтады.

XS
SM
MD
LG