Accessibility links

Кабулда әскери академияға шабуыл жасалғаны хабарланды


Кабулдағы қауіпсіздік күштерінің сарбаздары (Көрнекі сурет).
Кабулдағы қауіпсіздік күштерінің сарбаздары (Көрнекі сурет).

Ауғанстан қауіпсіздік органдарындағы дереккөзінің хабарлауынша, Кабулда содырлар маршал Фахим атындағы әскери академияға шабуылдады.

France-Presse (AFP) агенттігінің қауіпсіздік органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, шабуыл жасағандардың кейбірінің көзі жойылды. Дереккөздің сөзіне қарағанда, қарулы топ академия ішіне кіре алмады.

Reuters агенттігі мен Ауғанстанның TOLOnewsтелеарнасының хабарлауына қарағанда, 29 қаңтар күні таңғы сағат 5 шамасында шабуыл басталғанда академия қақпасы алдында жарылыстар болып, атыс үні естілген. Оқиға орнында жүрген тілшілері жүрген TOLOnews академияға жақын аудандардың қоршалғанын хабарлады.

Жергілікті тұрғын Мохаммад Ехсаның Reuters агенттігіне айтуынша, таңғы сағат бестен бастап бір сағаттай уақыт әуелі қатты жарылыстар үні, кейін үздік-создық атыс үні естілді.

27 қаңтарда Кабулдың орталығында үкімет ғимараттары, шетелдік елшіліктер мен дүкендер орналасқан жерде болған жойқын террорлық шабуылдан соңғы мәлімет бойынша 103 адам мерт болып, 190 адам жараланған. Билік 28 қаңтарды шабуыл құрбандарын аза тұту күні деп жариялаған. Шабуылдарды «Талибан» қозғалысы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG