Accessibility links

Илон Маск: Falcon Марсқа 6 ақпанда ұшырылады


Falcon 9 зымыран тасығышының ғарышқа ұшырылуы. Флорида, АҚШ, 30 қазан 2017 жыл.

Америкалық Space X компаниясының иесі Илон Маск Falcon Heavy ауыр зымыран тасығышының Марс ғаламшарына 6 ақпанда ұшырылатынын хабарлады. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.

Зымыран тасығыш Флорида штатының Канаверал мүйісінен ұшырылмақ. Маск бұған дейін зымыран тасығыштың алғашқы суреттерін жариялаған.

Ғарыш кемесінің бортында Масктың Tesla Roadster спорттық көлігі тиелмек. Марсқа ұшу кезінде көлікте Дэвид Боуидің Space Oddity атты әні айтылып тұады. Былтыр наурыз айында Falcon 9 зымыран тасығышының алғашқы басқышы ғарышқа сәтті ұшырылғаны жария болған. Ал былтыр мамыр айында SpaceX Falcon Heavy ауыр зымыран тасығышының орталық блогын сынақтан өткізілген.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG