Accessibility links

Рим Папасы украин базиликасында Донбаста бейбітшілік орнауын тіледі


Рим Папасы Франциск украиналық Әулие София грек-католик базиликасында. Рим, 28 қаңтар 2018 жыл.
Рим Папасы Франциск украиналық Әулие София грек-католик базиликасында. Рим, 28 қаңтар 2018 жыл.

Рим Папасы Франциск Рим түбіндегі украиналық Әулие София грек-католик базиликасына барып, совет билігі кезінде наным-сенімі үшін құрбан болған католиктерге дұға бағыштады.

28 қаңтарда базиликада болған понтифик ол жердегі діндарларға олардың «соғыс пен экономикалық қиындықтан жапа шеккен» елі үшін қиналатынын түсінетінін айтты. Рим Папасы Украина шығысындағы 2014 жылы сәуірде басталған үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы соғыстың тоқтауын тілеп, дұға қылды.

«Жүректеріңіз махаббаттан ғана емес, соғыс пен экономикалық қиындықтардан жапа шегіп жатқан өз елдеріңізге алаңдап та дүрсілдей соғып тұрғанын түсінемін. Мұнда сіздерге жан-тәніммен, дұға қылғанда және көпшілікпен құлшылық жасағанда бірге екенімді білдіруге келдім. Әрқайсыңыздың жүрегіңізде үміт оты ешқашан сөнбеуін, батылдықпен алға қадам басуыңызды, барлығын басынан тастауды тілеймін. Бейбітшілік орнап, қарудың үні өшкенін қалаймын» деді Рим Папасы.

XS
SM
MD
LG