Accessibility links

Министр: Грантпен оқыған дәрігерлер аймақта жұмыс істеуі тиіс


Науқасты қарап отырған дәрігерлер (Көрнекі сурет).
Науқасты қарап отырған дәрігерлер (Көрнекі сурет).

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомство медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік грантпен оқыған жастарды ауылдарға белгілі бір уақыт жұмыс істеуге міндеттеуді ойластырып жатқанын хабарлады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 29 қаңтар күні мәжілісте өткен үкімет сағатында Біртанов қазір Қазақстанда кадрды басқару мәселесі туындап отырғанын айтты. Министрдің сөзінше, мемлекет медициналық мамандықтар бойынша тегін оқу үшін жеткілікті грант бөліп жатқанына қарамастан, оқу бітіргендер ешқандай міндеттеме алмай, қалада жұмыс істегісі келеді.

«Сондықтан, біз қазір бұл мәселені талқылауға ұсынып отырмыз. Біз денсаулық сақтау саласындағы мәселені көтергіміз келеді: бұрын мемлекеттің көмегімен оқыған адам кадр тапшылығын жою үшін өзі жолдамамен жіберілген аймақта белгілі уақыт жұмыс істейтін еді» деді Біртанов.

XS
SM
MD
LG