Accessibility links

Ресей паралимпиадашылары 2018 жылғы ойынға бейтарап қатысады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей паралимпиада құрамасы 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын болды. Халықаралық паралимпиада комитетінің (ХПК) ресми сайтында хабарлауынша, ресейлік паралимпиадашылар олимпиадаға бейтарап құрама сапында қатыстырылмақ.

Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілген ресейлік спортшылар бес спорт түрі бойынша «Бейтарап паралимпиадашы атлет» деген статуспен жарысады.

2016 жылы тамызда ХПК Ресей құрамасын Бразилияда өткен Паралимаиада ойындарынан шеттеткен. Мұндай шешім Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Ресей спортшылары допинг қолданды деп мәлімдеген соң қабылданған.

2017 жылы желтоқсанда паралимпиадашыларды жарыстан шеттету мерзімі ұзартылған. ХПК ол кезде Ресей қойылған талаптың барлығын бірдей орындамады деген еді.

Ресей спортшылары да Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына «Ресейден келген атлеттер» деген бейтарап ту астында қатыспақ. Өткен аптада Халықаралық олимпиада комитеті жарысқа қатыстырылатын 169 ресейлік спортшының тізімін бекіткен. Бұл тізімге әйгілі спортшылардың көбі енбей қалған.

XS
SM
MD
LG