Accessibility links

Мәжілісте дін туралы заңға өзгерістер жобасы таныстырылды


Нұрлан Ермекбаев, дін істері және азаматтық қоғам министрі.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев 29 қаңтар күні мәжілісте «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға өзгерістер енгізу жобасын таныстырды. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, министр Қазақстанда деструктивті діни ағымдарды анықтауға қатысты нормативтік-құқықтық актілер қабылданатынын айтты.

«Заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілер, тіпті эскиздер қабылданады. Әрбір сақалға тыйым салынбайды, кескіндері мен ерекше сипаттары айқындалады. Бұл жерде әңгіме кез-келген сақал, дін қызметкері туралы болып жатқан жоқ. Әңгіме деструктивті діни ағымды ұстанатын адамдарға қатысты. Мұнда сыртқы белгілерімен қатар олардың не айтатыны, нені насихаттайтыны рөл атқарады» деді министр.

Ермекбаевтың сөзінше, деструктивті діни ағымды қалай ажыратуға болатынын мамандар анықтайды. «Сақалының ұзындығы да, басқа белгілері – барлығы жазылады. Егер бір ғана белгісі болса, мысалы қысқа балақ шалбар ғана киіп жүрсе немесе мүлдем дін ұстанбаса оған ешқандай шара қолданылмайды» деді Нұрлан Ермекбаев.

Ол сонымен қатар заң жобасында 16 жасқа толмаған балалар діни құлшылық орындарына және құлшылық жасауға ата-анасымен немесе туыстарымен бірге ғана баруға рұқсат беретін бап барын айтты.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG