Грузия биылдан бастап Ресейден газ сатып алмайды. Грузия экономика министрінің орынбасары Георгий Чикованидің мәлімдеуінше, Грузия газды енді Әзербайжаннан сатып алады.
Грузия оппозициясы осыған дейін Мәскеу мен Тбилиси Арменияға газ жеткізу транзитін "монетизациялауға" уағдаласқанан кейін, үкіметтің ресейлік "Газпром" компаниясынан табиғи газ алуға қауқары жоқ деп мәлімдеген. Шенеуніктер мұны теріске шығарған.
"Ресей газын сатып алуға қаржы жетпейді деп айтуға болмайды. Грузияға Ресей газы енді керек емес, себебі Әзербайжан газы жетіліп артылады", – деп мәлімдеді министрдің орынбасары.
"Газмпром" мен Грузия үкіметінің келісіміне сәйкес, Арменияға газ жеткізілгені үшін жартылай ақшамен, жартылай шикізатпен төленіп келген. Енді биылдан бастап газ транзиті үшін төлем тек ақшалай төленеді.