Accessibility links

Путин Мәскеуде Нетаньяхумен кездесті


Ресей президенті Владимир Путин Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесіп тұр. Мәскеу, 29 қаңтар 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесіп тұр. Мәскеу, 29 қаңтар 2018 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин 29 қаңтарда Мәскеуде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесіп, Сирия дағдарысы мен Иранның Таяу Шығыстағы рөлін талқылады. Екі ел басшылары сонымен қатар сауда, мәдени және гуманитарлық салалардағы екі жақты қарым-қатынасты және Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт процесс жайында сөйлесті.

Израиль премьер-министрі 28 қаңтарда Путинмен кездесуде «аймақтағы түрлі проблемаларды, Сирияда Израиль мен Ресей қарулы күштерінің іс-қимылын үйлестіруді және ең маңызды мәселе – Израильдің қауіпсіздігін» талқылау жоспары барын мәлімдеген.

Израильдің Haaretz газетінің хабарлауынша, Нетаньяхумен бәрге Мәскеудегі келіссөзде Израильдің Иерусалим ісі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрі Зеев Елкин де атысқан.

Путин мен Нетаньяху Мәскеудегі еврейлер мұражайы мен Төзімділік орталығында 1943 жылы нацистердің Собибор лагеріндегі көтеріліске арналған көрменің ашылуына қатысты. Ашылудан соң Нетаньяху Израильдің «мұндай идеологияның кез-келген түріне, ең алдымен Израильді құртқысы келетін Иранның әрекетіне жол бермейтінін» айтты.

Израиль Сириядағы дағдарыста еш бір тарапты қолдамайтынын үнемі айтқанымен, израильдік ұшақтар Сирия территориясына ара-тұра әуеден шабуылдап тұрады. Израиль басшылары Иранның Сирия территориясында әскери база құруына немесе Дамаск қолдайтын «Хезболла» тобына соңғы үлгідегі қару-жарақ жеткізу үшін пайдалануына мүмкіндік бермеуге күш салып жатыр. Келіссөз қарсаңында Haaretz газеті Нетануьяху мен Путин Израильдің Иран әскери күштерінің Сириядағы соғыс тоқтаған соң сол ел территориясында қалып қоюына рұқсат беретін кез-келген келісімге және 2015 жылы Иран мен әлемдік державалар арасында жасалған ядролық келісімге қарсы іс-қимылын талқылайтынын жазған.

XS
SM
MD
LG