Бішкекте «Ош» базары өртеніп жатыр. Азаттықтың Қырғыз редакциясының төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, өрт базардағы «Сейтек» дүкенінен шыққан. Өртті бірнеше техника сөндіріп жатыр. Алғашқы өрт сөндіру бригадасы базарға жергілікті уақыт бойынша сағат 9:48-де жетті.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Өрт сөндірушілер ең алдымен өрт аумағын оқшаулауға талпынып жатыр.