Accessibility links

Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көмір тапшылығы «көмірді өндіру мен оны жеткізуден» туындамағанын мәлімдеді. Бозымбаев көмір тапшылығына қатысты үкіметтегі жиыннан соң журналистер сауалына жауабында айтты.

«Бұл мәселені ұдайы бақылауда ұстаймыз. Теміржол жағынан еш проблема жоқ, вагондар бар. Көмір өндіретін кәсіпорындарда да еш пробама болған емес. Олар тапсырыс берсе, қанша көмір керек болса, сонша өндіріп бере алады. Ешқандай шектеу жоқ. Алматы қаласы мен Алматы облысының компаниялары келісім-шарт жасасып, ақшасын төлесе, керекті көмір тасымалданады» деді Бозымбаев.

Оның сөзінше, соңғы күнде Алматы қаласы мен Алматы облысына 16 мың тонна көмір жіберілген, бүгін-ертең теміржол тұйықтарына түсуі тиіс.

Министр көмір мәселесін әкімдермен талқылағанын, жергілікті органдар бұл мәселені бақылауға алу керегін айтты. Ол сонымен қатар «көмір тапшылығы көмір шетелге сатылып жатқандықтан туындады» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Соңғы күндері Алматы маңындағы ауылдар мен аудандарда тұрғындар көмір жетпей жатқанын және бағасы қымбаттағанын айтқан. Көмір тапшы екенін сатушылар да, жеткізушілер де растаған.

Видео: Алматы маңында көмір тапшы (29.01.2018)

Алматы маңында көмір тапшы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG