Accessibility links

Ресей шенеуніктері "Кремль есебіне" пікір білдіріп жатыр


Аркадий Дворкович, Ресей премьер-министрінің орынбсары.

Ресей Федерация кеңесі АҚШ үкіметінің «Кремль есебін» Ресей элитасын «құлату әрекеті» деп бағалады. Федерация кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Франц Клинцевич «Кремль есебінің» жариялануы оған ілінген шенеуніктер мен бизнесмендердің «ызасын келтіріп, біріктіретінін» мәлімдеді. Федерация кеңесінің тағы бір мүшесі, халықаралық істер комитетінің басшысы Константин Косачев АҚШ билігі «Кремль есебін» дайындағанда «Кремльдің телефон анықтамалығындағы мәліметті алып көшіре салған болуы мүмкін екенін» айтты. Косачевтің өзі құжатты «саяси паранойя» деп атады.

Ресей үкіметінің кейбір мүшелері де «Кремль есебіне» комментарий берді. Ресей вице-премьері Аркадий Дворкович есеп «Ресей саясатындағы есімдер» кітапшасын еске түсіргенін айтты. Вице-премьер Дмитрий Рогозин «Кремль есебі» «қорқыту мен мәжбүрлеу» формуласының бір бөлігі екенін мәлімдеді. Ресей премьер-министрінің тағы бір орынбасары Юрий Трутнев егер АҚШ қаржы министрлігінің тізіміне ілікпегенде, «өкпелейтінін» айтты.

Ал кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов өзін «Кремль есебіне» қосуды Вашингтонның Ресейдегі «азаматтық институттар ықпалын азайту» әрекеті деп білетінін айтты. Бала құқығы жөніндегі уәкіл Анна Кузнецова аты-жөнінің тізімген енгізілуін өзінің «ресейлік балалардың бақыты мен игілігі жолында дұрыс бағытта жүргенін» айғақтайтынын мәлімдеді.

Адам құқықтары жөніндегі кеңес басшысы Михаил Федотов «Кремль тізіміне» ілігуден ыңғайсыз ешнәрсе байқамағанын айтты.

Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин «Ресейге қарсы жаңа санкциялар қоғамның бұрынғыдан да ұйымдаса түсуіне ықпал етеді» деп білетінін жеткізді. Ал президенттің көмекшісі Андрей Фурсенко «Кремль есебінің» ешқандай ықпалы жоғын» мәлімдеді.

АҚШ Қаржы министрлігі 30 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путинге жақын делінген және болашақта санкция салынуы әбден мүмкін адамдардың «Кремль есебі» деп аталатын тізімін жариялаған. Құжатқа ресейлік 144 жоғары шенді шенеунік пен 96 олигарх және бизнесмен енгізілген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG