Accessibility links

Еуропа парламенті Польшаға санкция салуға дайындалып жатыр


Еуропа парламентінің азаматтық еркіндік комитеті Польшаға санкция салу процедурасын бастауды мақұлдады. Еуропа парламенті Варшава сот реформасын жүргізген кезде заң үстемдігін орнату туралы еуропалық нормаларды бұзғанын айтады. Еуропа парламентінің 33 депутаты санкция салуды қолдап, 19 депутат қарсы дауыс берген.

Польшаға қатысты Еуропа Одағы туралы келісімнің 7-бабын қолдануға шешім қабылданған. Ол бап бойынша ереже бұзған мемлекетке санкция салудан бастап Еуропа Одағында дауыс беру құқығынан айыруға дейінгі жаза қолдану қарастырылған. Мақұлданған құжатты Еуропа парламенті ақпан айында пленарлық отырысында қарамақ.

Еуропа комиссиясының Польшаға қарсы санкция салу процесін бастағаны өткен жылдың желтоқсанында жария болған. Қазір Польшада жүргізіліп жатқан сот реформасы бойынша, кейбір судьялар парламентте дауыс беру арқылы тағайындалмақ. Еуропа комиссиясы бұл сот билігін тәуелсіздігінен айырып, соттарды саясаткерлерге тәуелді қылып қоймақ дейді. Польша билігі Еуропа комиссиясының шешімін «саяси шешім» деп атады. Варшава керісінше сот реформасы сыбайлас жемқорлықпен күреске көмектеседі деп отыр.

XS
SM
MD
LG