Accessibility links

"Антимайдан" белсендісі 8 жылға сотталды


2014 жылғы "майданшылар" мен қарсыластарының қақтығысы. Украина, сәуір 2014 жыл.
2014 жылғы "майданшылар" мен қарсыластарының қақтығысы. Украина, сәуір 2014 жыл.

Киев соты "Топаз" деген лақап атпен танылған Игнат Кромскийді "Украинаның территориялық тұтастығына қол сұқты" деп шешті. "Антимайдан" белсендісі "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" және "көлікті заңсыз иеленді" деген айыппен де сотталды. Кромскийге мүлкін тәркілеу және сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

"Топаз" 2014 жылы ұсталған. Тергеу болжамынша, ол Харьков облысының әкімшілігін басып алуды және Харьков қаласында кісі қазасына соқтырған жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған.

Айыбына 15 жыл сұраған прокуратура сот шешімінің үстінен шағым түсіретінін мәлімдеді.

Сот талқылауы кезінде "Топаз" үй қамағынан қашып кеткен. Ол Ресей-Украина шекарасында елден кетпек болған жерінен ұсталған. Кромский тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG