Accessibility links

Reuters олимпиаданың ашылу салтанатына қатыстырылмайды


Пхенчхандағы олимпиада қалашығы. 25 қаңтар 2018 жыл.
Пхенчхандағы олимпиада қалашығы. 25 қаңтар 2018 жыл.

«Халықаралық олимпиада комитеті (IOC) Reuters агенттігін Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиаданың ашылу салтанатына қатыстырмайды» деп хабарлады оңтүстік кореялық Ренхап ақпарат агенттігі.

Мұндай шешім Reuters 28 қаңтарда олимпиада алауын жағу салтанатына дайындық шарасынан бірнеше сурет жариялаған соң қабылданды. Агенттік суреттерін IOC қарсылық білдірген соң өшіріп тастаған.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Оңтүстік Корея ақпарат құралдарына қайырылып, Reuters-тің Пхенчхандағы олимпиаданың ашылу салтанына дайындықтан түсірілген суреттерін өшіріп тастауды сұрады.

Қысқы олимпиада ойындарының ашылуы 9 ақпанда өтеді. Оған дейін ашылу салтанатына дайындық шарасынан түсірілген материалдарды жариялауға эмбарго қойылған. Олимпиаданың жабылу салтанатына қатысты да осы ереже қолданылады.

XS
SM
MD
LG