Accessibility links

Ресейлік журналистер тікелей эфирде төбелес шығарды


Николай Сванидзе, ресейлік журналист әрі тарихшы.
Николай Сванидзе, ресейлік журналист әрі тарихшы.

Ресейлік журналист Максим Шевченко мен тарихшы әрі журналист Николай Сванидзе «Комсомольская правда» радиосының тікелей эфирінде төбелес шығарды. Төбелес видеосы радионың YouTube-тағы каналында жарияланды.

Хабарға қатысқан журналистер «Сталиншілдік емдеуге тиісті ауру ма?» деген мәселені талқылаған. Шевченко талқылау кезінде Сванидзенің совет солдаттарының «зиратына түкіргенін» мәлімдеді. Сванидзе Шевченконы «жексұрын» деп атап, оны «тұмсығынан ұру керегін» мәлімдеді. Бұдан соң Шевченко мен Сванидзе төбелесіп қалды.

XS
SM
MD
LG