Accessibility links

АҚШ флоты Ресей ұшағының "қауіпті маневр жасаған" видеосын жариялады


Америкалық ұшаққа жақын ұшып бара жатқан Ресейдің Су-27 истребителі.
Америкалық ұшаққа жақын ұшып бара жатқан Ресейдің Су-27 истребителі.

АҚШ әскери-теңіз күштері ресейлік Су-27 истребителінің Қара теңіз үстінде америкалық EP-3 радиоэлектрондық барлау ұшағын қақпайлап, «қауіпті» маневр жасағаны» туралы видео жариялады. Видеоны 30 қаңтар күні АҚШ әскери-теңіз күштері 6-флотының баспасөз қызметі YouTube-тағы каналына салды.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті 29 қаңтар күні «Ресей әскерилерінің Қара теңіз үстінде қауіпті тәжірибе жасағанына» қынжылатынын мәлімдеген. АҚШ-тың Еуропадағы әскери-теңіз күштері ресейлік Су-27 ұшағының халықаралық суларда америкалық EP-3 ұшағымен қауіпті түрде әрекеттеспек болғанын», яғни барлаушы ұшаққа тым жақын ұшқанын растады.

Мемлекеттік департамент АҚШ әскери ұшағы халықаралық заңдарға сай ұшқанын, ал ресейлік ұшақ қолданыстағы келісім мен халықаралық құқықты, атап айтқанда, Ашық теңізде төтенше оқиғаны болдырмау туралы 1972 жылғы келісімді өрескел бұзғанын айтады.

«Ресей әскерилері халықаралық нормалар мен келісімдерді осымен бірінші рет бұзып отырған жоқ» делінген мәлімдемеде. Мемлекеттік департамент Ресейді «қателікке ұрындырып, екі тараптың да экипажын қатерге душар ететін және әуеде соқтығысу қаупін тудыратын» қауіпті маневрді тоқтатуға шақырды

XS
SM
MD
LG