Accessibility links

Трамп Гуантанамо түрмесін сақтап қалатын жарлық шығарды


АҚШ-тың Гуантанамо әскери базасындағы түрмесі .

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Гуантанамодағы әскери база түрмесін сақтап қалатын жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Жарлыққа қол қойылғаны туралы Трамп 30 қаңтар күні кешке Конгресте жолдау жасайтынның алдында жарияланды.

Жарлық бұрынғы президент Барак Обаманың дауға айналған Гуантанамо түрмесін жабу туралы шешімін жояды. Обама 2009 жылы түрмені жабу туралы шешім шығарған еді, бірақ оған Конгресс қарсы шыққан.

Түрмеде отырған жүздеген тұтқын, оның ішінде 2001 жылдан бері Ауғанстанда АҚШ бастаған коалиция күштері тұтқынға түсіріп, Гуантанамоға жабылғандар басқа елдердегі түрмелерге ауыстырылған. Қазір бұл түрмеде 41 тұтқын қалған. Олардың арасында – 2001 жылы 11 қыркүйектегі шабуылдарды ұйымдастырды деп айыпталған Халид Шейх Мохаммед бар. Ол Гуантанамода 2006 жылдан бері отыр.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG