Accessibility links

Ерлан Біләлдің сотында видео және аудио жазбаға тыйым салынды


Актер Ерлан Біләлге пара берді делінген кәсіпкер Қайрат Баянов соттан кейін журналистер сауалына жауап беріп тұр. Алматы, 30 қаңтар 2018 жыл.
Актер Ерлан Біләлге пара берді делінген кәсіпкер Қайрат Баянов соттан кейін журналистер сауалына жауап беріп тұр. Алматы, 30 қаңтар 2018 жыл.

Алматының Алмалы аудандық сотында 31 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры, пара алды деп айыпталған Ерлан Біләлдің соты жалғасты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, судья Қуаныш Әріпов Ерлан Біләлдің адвокатының бұған дейінгі тыңдауда түсірген сотқа журналистерді кіргізбеу туралы талап-арызын орындаудан бас тартты.

Судья Біләлдің ісі «жыныстық сипаттағы немесе мемлекеттік құпиясы бар қылмыстық іс емесін» айтып, сотқа журналистердің қатысуына рұқсат берді. Бірақ аудио және видео жазбаға және суретке түсіруге тыйым салды.

Сот сонымен қатар Ерлан Біләлге пара берді деген кәсіпкер Қайрат Баяновтың пара ретінде берген 600 мың теңгені өндіріп беру туралы өтінішін орындау туралы шешім шығарды. Қайрат Баянов сотта Ерлан Біләлге алғаш қойылым билеттерінен түскен ақшадан 600 мың теңге бергенін айтты. Баяновтың сөзінше, ол «Ерлан Біләл екінші рет ақша сұраған кезде» ақшасы болмағанын айтып, құзырлы органдарға хабарлаған. Бұдан соң құзырлы органдармен бірлесіп, олардан Ерлан Біләлді әшкерелеу үшін белгі салынған 900 мың теңге алған.

Ерлан Біләлдің соты 5 ақпанда жалғасатын болды. Бұл іс бойынша сот 25 қаңтарда басталған.

Ерлан Біләл қаңтардың басында 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "кінәсін толық мойындағанына байланысты театр директоры тұтқындалған жоқ. Тергеу дерегінше, Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Қайрат Баяновтанжаңа жылдық театр қойылымдарын бірге өткізу туралы келісімге қол қою үшін пара алды деген күдікке ілінген.

Істің мән-жайы анықталғанға дейін Ерлан Біләл театр директоры қызметінен шеттетілген.

XS
SM
MD
LG